cover

20-25 қазан

Ақмола облысы

Қансонар

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ІС-ШАРА ФОРМАТЫ: спорттық

2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Қансонар» халықаралық турнирі әйгілі бүркітші Мәсіп Батырханұлының құрметіне ұйымдастырылады. Шараның мақсаты — ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бүркітпен аң аулау дәстүрін сақтау және дамыту. Қонақтар спорттық сайыстарда құсбегілердің шеберлігін тамашалай алады, сондай-ақ бүркітшілермен кездесулер өтеді. Ал ең ерекше сәті — аңшы мен қыранның үйлескен әрекеті арқылы көне дәстүр рухының айшықтала түсуі.