cover

6 желтоқсан 2026 – 27 қаңтар 2027

Астана

Wonderland Astana

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Астана қаласының Мәдениет басқармасы ІС-ШАРА ФОРМАТЫ: мәдени

Wonderland Astana – елорданың қақ ортасындағы қысқы ойын-сауық алаңы. Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарын қуаныш пен шаттыққа бөлейтін орта сыйлайды. Екі ай бойы қала тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдыны, 12 метрлік сырғанақ, аттракциондар, фуд-корттар жұмыс істеп, шеберлік сабақтары өткізіледі. Әр қонағын ертегілер әлеміне еліктіріп, арман-тілектерге қанат бітіретін орын – Аяз ата үйі аталмыш фестивальдың басты ерекшелігі болмақ.