cover

18 Шілде

Түркістан облысы

«Шәмші әндері» фестивалі

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облысының мәдениет басқармасы ІС-ШАРА ФОРМАТЫ: мәдени

Түркістан облысында өтетін «Шәмші әндері» ретро-фестивалі қазақ вальсінің королі, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналады. Мақсаты – ұлы сазгердің музыкалық мұрасын насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу. Фестиваль шеңберінде концерттер, би қойылымдары, ретро-бағдарламалар және Шәмші өнеріне жанкүйер қауыммен кездесулер өтеді. Осы іс-шаралардың барлығы ежелгі Отырардың аясында өтетіндігі фестивальдің бас ерекшелігі деуге болады.