21 наурыз
Шымкент
Шымкентте өтетін «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі жергілікті мейрамханалар мен кафелерді қолдап, тұрғындар мен қонақтарға өңірдің дәм мәдениеті мен гастротуризмін таныстырады. Фестиваль қонақтары шеф-аспаздардың өнерін тамашалап, түрлі тағамның дәмін татып, көңіл көтерер байқаулар мен әуезді әуеннің ырғағына бөленеді. Фестивальдің ерекшелігі – жергілікті ас мәзірінің түр-түрін және мейрамханалардың жаңа тағамдарын татып көріп, аспаздармен еркін сөйлесіп, нағыз гастрономиялық мерекенің атмосферасын сезіну.