cover

17 мамыр

Астана

Solana Fest Astana 2026

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Solana ІС-ШАРА ФОРМАТЫ: мәдени

2026 жылғы 17 мамырда Астанада SOLANA халықаралық музыкалық фестивалі өтеді. Бұл — Орталық Азиядағы әлемдік деңгейдегі ең ірі open-air форматындағы музыкалық жоба.

Фестиваль сахнасында әлемге танымал Nicole Scherzinger, Timbaland, Flo Rida, Tyga, Busta Rhymes және Keri Hilson өнер көрсетеді.

Іс-шараға шамамен 30 мың көрермен қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында 4 мыңға жуық шетелдік турист болады.

Фестивальдің өтуі Қазақстанды оқиғалық туризм мен халықаралық концерт индустриясының маңызды орталығы ретінде танытуға мүмкіндік береді. Ауқымды музыкалық шара елге қосымша туристер ағынын тартып, қонақүйлердің жүктемесін арттырады, қоғамдық тамақтану орындарына, көлік қызметтеріне және ішкі туризмге сұраныстың өсуіне ықпал етеді.

SOLANA фестивалі 2026 жылдың ең маңызды халықаралық мәдени оқиғаларының біріне айналып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі музыкалық іс-шараларды өткізетін беделді алаң ретіндегі орнын нығайта түседі.

Ресми сайт.