16 тамыз
Манғыстау облысы
«Ақ Мая Fest» – шұбат сусынын дала мәдениеті мен ұлттық дәстүріміздің бірегей жемісі, саулық пен қонақжайлық символы екенін айқындап, адам, табиғат және ұлттық мұра байланысын көрсететін фестиваль. Бағдарламада дегустация, шеберлік сабақтары, көшпенділер ойындары мен кешкі концерттер бар. Фестивальдің басты ерекшелігі – шұбат негізіндегі коктейльдер мен Айрақты көгінде өтетін дрон-шоу: жанды музыка, шеберлер мен фермерлермен кездесулер жазғы мерекеге ерекше көңіл-күй дарытады.