26-28 қыркүйек
Түркістан облысы
Биыл күзде көне Түркістанда «Turkistan craft fair» халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Мұнда дәстүр мен заманауи өнер ұштасады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шеберлер өз туындыларын ұсынып, тәжірибесін ортаға салады. Қонақтарға қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары мен концерттер ұсынылады. Негізгі ерекшелігі – Түркістан рухын бейнелейтін ортақ өнер туындысын жасау.