25 сәуір
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының көркем табиғаты аясында халықаралық «Қызғалдақ-мұра» фестивалі өткізіледі. Фестиваль дәстүр, ғылым мен өнерді тоғыстырып, табиғат пен мәдени мұраның құндылығын көрсетеді. Қонақтарды шеберлер көрмелері, конференциялар, ұлттық ойындар, сән көрсетілімдері мен концерт күтеді. Шараның ең ерекше тұсы – «қымыз мұрындық» рәсімі және гүлдеген қызғалдақ алқаптарында фотосессия жасау мүмкіндігі.