cover

11-12 шілде

Астана

«Bai Qymyz» гастрофестивалі

ОРГАНИЗАТОР: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ФОРМАТ МЕРОПРИЯТИЯ: гастрономиялық

«Bai Qymyz» гастрофестивалі жазда Астанада өтеді. Шара қазақтың дәстүрі мен мәдениетіне арналмақ. Мақсаты – гастрономия, өнер және ұлттық салт-дәстүрді тоғыстырып, қымыз мәдениетін дәріптеу. Қонақтарды қымыздан дәм тату мүмкіндігі, үздік өндірушілер байқауы, ұлттық үлгідегі сән көрсетілімі, конференция және жұлдыздар қатысатын гала-концерт күтеді. Ерекшелігі – көрермен өзі таңдаған өндірушіге дауыс беріп, фестивальге белсенді түрде қатыса алады.