15-17 мамыр
Астана
PGL Astana – көктемде өтетін, әйгілі Counter-Strike 2 ойынына арналған ауқымды киберспорт фестивалі. Бұл – жаһандық киберспорт қауымдастығын бір алаңға жинап, үздіктердің бабын сынайтын елеулі оқиға. Қонақтар әлемнің үздік 16 командасының матчтарын тамашалап, ойыншылармен кездесіп, фан-аймақтар, түрлі белсенділіктер, шоу бағдарламаларды қызықтай алады. Халықаралық турнир еліміздің жүрегінде өтіп, баршамызға жарыс рухын сездіреді. Бұл спортшыларды, индустрия мамандары мен жанкүйерлерді бір аренаға жинайтын әлемдік киберспорт күнтіздесіндегі көктемнің басты оқиғасы.