5 шілде
Астана
«Асыл мұра» – елдің дәстүрі мен төл мәдениетін дәріптейтін ерекше іс-шара. Фестивальдің мақсаты – халық музыкасын кеңінен насихаттап, жас дарындарға жол ашып, ұлттық мұраны сақтау. Қонақтар музыканттардың өнерін тамашалап, халық шығармашылығымен танысып, дәстүрлі аспап тартуға арналған шеберлік сабақтарына қатыса алады. Концерттің ерекшелігі – ғасыр тұңғиығынан жеткен әуендердің рухын сезіп, бірегей ұлттық аспаптармен танысып, қазақ сазгерлерінің жауһарларына бір елі жақындауға мүмкіндік беретіндігі.