26- 28 сәуір
Астана
2026 жылдың 26 сәуірден бастап 28 сәуір аралығында Қазақстанның астанасы қайтадан fashion-индустрияның назарында болады: үзілістен кейін ең көп күтілген сән оқиғаларының бірі- Kazakhstan Fashion Week Astana оралады. Жоба өңірлік сәнге жаңа бағыт беріп, бір алаңда әр елден келген дизайнерлерді, трендсеттерлерді және индустрия көшбасшыларын біріктіруге уәде етеді.
Іс-шара бағдарламасы:
– 26 сәуір – Динара Сәтжанның Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі эксклюзивті монокөрсетілімі
– 27-28 сәуір – The Ritz-Carlton Astana қонақүйіндегі негізгі көрсетілімдер
Бұл маусымда KFW Astana подиумы қазақстандық сәннің мықты есімдері мен халықаралық fashion-сахнаның жарқын өкілдерін біріктіреді.
Қазақстандық дизайнерлер: Aida KaumeNOVA, Aliya Abdimazhit, AlexChzhen, Shakerbay, Naiyl Baikuchukov, Samidel, KAMALINI, Zefi, ARUNAZ, Ozge
Халықаралық қатысушылар: Dvali, Hamo, Ingorokva (Грузия), EMRE ERDEMOGLU (Түркия), Liliya Dulat (Өзбекстан), Aline, JS Sence (Ресей, ESTE мультибрендтік дүкенінде эксклюзивті ұсынылған).
Жергілікті және халықаралық есімдердің мұндай үйлесімі KFW Astana-ны жай ғана көрсетілім емес, мәдениеттер мен сән мектептері тоғысатын, қазақстандық дизайнерлер әлемдік fashion-қоғамдастықпен диалогқа шығатын алаңға айналдырады.
Жобаның амбассадорлары ретінде медиа, мәдениет және спорт саласының танымал өкілдері: Айсәуле Бақытбек, Айгүл Мұкей, Балжан Бидаш, Сабина Алтынбекова, Айгүл Иманбаева, Айкерім Есенали, Рена Керимова және басқалар бекітілді.
27 және 28 сәуір күндеріндегі көрсетілімдерге билеттер Sxodim.com қосымшасында қолжетімді.