cover

29 тамыз

Манғыстау облысы

Shubat fest («Aq Maya»)

ОРГАНИЗАТОР: Манғыстау облысының әкімшілігі ФОРМАТ МЕРОПРИЯТИЯ: этнокультурное

2026 жылғы 29 тамызда Ақтау қаласындағы Амфитеатр алаңында SHUBAT FEST 2026 – шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдерге арналған алғашқы ұлттық фестиваль өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты – шұбатты Қазақстанның ұлттық гастрономиялық бренді ретінде дәріптеу, отандық өндірушілерді қолдау, дәстүрлі сүт өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту және түйе шаруашылығын кеңінен насихаттау.

Фестиваль аясындағы негізгі оқиға – Қазақстанның үздік шұбатын анықтау байқауы. Жеңімпаздар халықтық дауыс беру, кәсіби қазылар алқасының бағалауы және тәуелсіз зертханалық сараптама нәтижелері негізінде анықталады. Сонымен қатар түйе сүтінен дайындалатын құрт, балқаймақ, десерт, балмұздақ, кофе және коктейль бойынша үздік өнімдер де марапатталады.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен фермерлік және шаруа қожалықтары, сондай-ақ түйе сүтінен өнім өндірушілер қатысады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталып, Гран-при иегеріне автокөлік беріледі.